Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан құрамасының дәрігері допингке жол берді деп айыпталуда

Қазақстан құрамасының дәрігері допингке жол берді деп айыпталуда


Халықаралық биатлонистер одағы (IBU) қазақстандық команданың дәрігері Қосылбек Тағаевқа қандай санкциялар тағылғанын жариялады. Дәрігер допингке қарсы шараларды іске асыру кезінде заңсыздықтарға жол берді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды IBU ұйымының сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Италиялық полицейлер ағымдағы жылдың қаңтар айында Антхольцте жүргізген тінту жұмыстарын жүргізген. Осы кезде қазақстандық команданың дәрігерінің бөлмесінен бірқатар медициналық дәрі-дәрмектер мен құтылар табылыпты. Тәркіленген препараттар арасында “Преднизалон» бар. Ал бұл препаратты жарыста қолдануға тыйым салынған.
Ендігі Қосылбек Тағаев 2018 жылдың 7 наурызына дейін IBU аясында өтетін жарыстардан шеттетілді.
Бұл орайда Қазақстан ұлттық федерациясы бас дәрігердің қызметін тоқтатуы тиіс.
08 наурыз 2018 ж. 884 0