БІЗДЕР – ЖАСТАР, БОЛАШАҚТЫҢ ЕГЕСІМІЗ
Биылғы жылды Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жастар жылы» деп жариялауы қоғамның қозғаушы күші – жастарға жаңа серпін береді деп ойлаймын. Жастар қай кезде де жастық жігерінен танбай, тәуелсіз Қазақстанның тұғырын биіктетуде күш-жігерлерін таныта бермек.
Мен, Елбасымыз сенім артқан жастардың бір өкілімін. Ғылыми байқауларда өзіндік ой-өрісімді таныту арқылы ұстаздардың бойыма сіңірген білімі мен тәлім-тәрбиесін көрсетіп келемін.
Ең алғаш рет 8-сынып оқып жүргенімде WRO-2016 робототехника сайысына картоннан жасаған роботыммен қатысқаным әлі есімде. Әділқазылардың оң бағасын алған роботыммен облыстық жарыста ІІ орын иеленген болатынмын. Робототехника жабдықтарымен қамтамасыз етілмегендігіне қарамастан тоқтамай еңбектенгеннің арқасында облыстық, республикалық додаларда үздік үштіктердің қатарынан көрініп келемін. Осындай жетістіктерім мен еңбектерімізді бағалап мектебімізге робототехника кабинетін ашып берді.
Біздің №137 орта мектептегі робототехника кабинеті әлі де талай оқушының шығармашалық қабілетін шыңдауға мүмкіндік туғызады. Осы орайда, ел ағаларының ауданымыздағы білім саласына жасап жатқан қамқорлықтарына жастар атынан рахметімді айтқым келеді.
Біздер – Жастар, болашақтың егесіміз!
Біздер – Жастар, өнер мен білім іздеуге ұмтылған өрелі толқынбыз!
Біздер – Жастар, Тәуелсіз еліміздің көгінде жарқырайтын жұлдызбыз!
Ендеше ауданымыздағы әрбір жасты армандарға құлаш ұрып, көкте қалықтаған қырандай қанатымызды керіп, бар қажыр-қайратымызды елімізді гүлдендіруге шақырамын!
Дулат Зейнулла,
ғылыми жобалар жеңімпазы: