БОЛАШАҚ – БІЗДІКІ, ҰЛТТЫҢ ЕРТЕҢІ – БІЗ.
Болашақ – біздікі, ұлттың ертеңі – біз. Бізге, жастарға, артар сенім де, жауапкершілік те үлкен. Елбасының сөзімен айтсақ, біз жастар, Отанымызда жүзеге асырылып жаткан барлық үдерістерге атсалысуымыз қажет.
Ұлт Лидерінің үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес.
Талантты,талапты жастар ауылда да бар. Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі.
Дәл осындай жетістіктерден біздің де аудан жастары құр қол емес. Атап айтатын болсақ, Сырдария ауданы №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі жанынан құрылған «Қозғалыстың жас инспекторлары» жасағы аудан, облыс, республика көлеміндегі сайыстарда алдыңғы қатардан көрініп келеді. Осындай жетістікке жетуіміз Елбасымыздың жастарға қолдау көрсетуінің арқасында деп білеміз. Сонымен қатар бұл сайысқа баруымызға қолдау көрсеткен аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлына алғысымыз шексіз. Біз секілді жастар барда әлі де талай белестерді бағындыратынымызға кәміл сенімдіміз.
Еліміздің болашағы, жаңа әрі жас буыны – біздер! Қазіргі техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның шарықтап тұрған заманында, біздер шеберліктің шыңына жете біліп, білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға дағдылануымыз қажет!
Әсел Раджапқызы,
жас жол инспекторы қозғалысының мүшесі:
жас жол инспекторы қозғалысының мүшесі: