Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар жылына арнау

Жастар жылына арнау


Жастарыма өр мінезді нар тұлға
Амандастым мен сүйеніп салтыма!
Қол соғыңдар тамсана
Сәлем бердім баршаңа
Игі жақсы жиналыпты қаншама!
Қайда жүрсем шықпайтұғын есімнен
Кең төрінде талай тұлға көсілген
Әбірәштай атам бар
Қалтай берген батам бар
Мені де сол ауыл еді өсірген!
Сөздерімде жатыр сірә астар мың
Тілегі бір болсыншы деп достардың
Ұрпақ қой деп сан қырлы
Елбасымыз қалдырды
19-ды еншісіне жастардың!
Тәуелсіздік болсын елім тұғырлы
Желбіретер жастар едік туыңды
Орта Азия танитын
Мұратбаев Ғанидың
Ізбасары біз боламыз бүгінгі.
Сырдария әнмен жырдың сағасы
Әнге бөлеп тұратындай даласы
Ұлың өлең арнамақ
Мойындаған бар қазақ
Сырдың елі ұлы Алаштың анасы!
Қаперге алып Елбасының жолдауын
Жастар жырғып айтар болса толғауын
Аямайық еңбекті
Еңбек бәрін жеңбекші
Достық пенен татулық қой қорғаным!
Орындалып келелі істер ойдағы
Гүлденуде ауданымның аймағы
Туған ұлмыз ақын болып
Түсіруге хақым жоқ
Ағалардың биіктеткен байрағын
Қайғы көрмей ашық болсын аспаны
Болашаққа ұлы қадам бастады.
Жастарға жыл берілді
Біз ақтаймыз сенімді
Жасай берсін, Сырдария жастары!


Орынбасар Тәңірбергенов,
ақын:

25 ақпан 2019 ж. 2 848 0