ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ БАР, ТОЗЫҒЫ БАР

Тұрмысқа шығатын қыздың болашақта тұратын баспанасы болса ғана дүние апару керек. Олай болмаған жағдайда, екі жастың үй болып кетуіне көмек көрсеткен дұрыс.
"Қазақтың шашып-төгіп дастархан жайып, жүздеген адамға той істейтіні де қаншама шығын. Қызды ұзатарда ата-анасы салтты аттап өтпей, көрпе-төсегі мен ең қажетті заттарды алып берсе болғаны. Ал басқасын банктік карточкасына ақшалай аударып берсе құп болар еді. Осының өзі жаңадан үйленген жастарға қаншама қолдау.
Карточкаларында алғашқы капиталдары бар жастар үйлі болуға тырысады. Күйеу жігіттің де туысқандары барынша қолдау көрсетіп жіберсе көп өтпей-ақ пәтерлі болар еді. Соңғы уақытта көп шаңырақтың шайқалуына елдегі тұрақсыз экономиканың да септігі мол. Осындай қиын жағдайда "ұят болады" деп, жұрттың көңіліне қарағанша, баласының болашағына аз да болса негіз қалап берген өте жақсы болар еді.
Г.ӘЛЖАНОВА