Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда жаңа туған нәрестені «SMS» хабарлама арқылы тіркеуге болады

Қазақстанда жаңа туған нәрестені «SMS» хабарлама арқылы тіркеуге болады


Елімізде енді жаңа туған нәрестені тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қежеті жоқ. Бұл қызметті бұдан былай «смс» арқылы онлайн алуға болады, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Бала туылған соң оның ата-анасына бірден смс-хабарлама келеді. Онда біріншіден, баланың тууымен құттықтау болады, екіншіден мемлекеттік қызметтерді алуға ұсыныс жасалады. Бірінші, баланың тууын тіркеу, екінші тиісті әлеуметтік жәрдемақыларды  белгілеу және үшінші баланы балабақша  кезегіне қоюға байланысты», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының департамент директоры Мұрат Жұманбай.
Ал, бұрын мұндай қызметті алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болған. Енді ата-аналар орталыққа баланың туу туралы куәлігін алу үшін ғана барады. Әзірге мұндай қызмет сынақ ретінде ірі қалаларда іске асып жатыр. Бірақ, оны алу үшін тұрғындардың телефон нөмірі электронды үкіметтегі порталға тіркелген болуы тиіс. Жаңа жүйе енгізілген алғашқы күні 200-ге жуық анаға осындай «смс» құттықтау келіп, қызметті онлайн алуға ұсыныс жасалыпты. Бірақ, мұндай мүмкіндікті тек бірнеше ана ғана қолданып үлгерген.
«Екінші баламды босандым. Алғашқысын туғанда халыққа қызмет көрсету орталығына барып  тіркеу үшін біраз кезек күткенбіз. Жаңа жүйе расымен өте қолайлы екен. Қиын емес, ұялы телефонға келген сілтемелер арқылы өтіп, қажетті мағлұматтарды жаздым. Енді куәлік дайын болғанша күтеміз», – дейді Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова.
30 желтоқсан 2017 ж. 2 037 0