Өскеменде ер адам асүйінде есірткі жасап қолданып келген
Өскеменде ер адам есірткіге тәуелді болған. Ол өз қолымен тәнін қанағаттандыратын зат жасап келген.
Күдікті дүкеннен көкнәр және еріткіш сатып алады да, қазанға қайнатып апиын жасайды. Ол апиынды жалғыз қолданып қоймай дайындаған затын бірге тұратын әйелге де береді. Ол да көптен бері нашақор болған. Ер адаммен 4 ай бірге тұрған, деп жазады YK-news.kz.
Попов кезекті рет дүкенге барып, есірткіге қажетті зат алмақ болғанда зөінің күдікке түскенін білмейді. Көкнәр мен аммияк, еріткішті алып үйіне келеді. Есірткіні мақтадан өткізіп, екі шприцті толтырады. Бірін тоңазытқышқа құйып, екіншісін қалтасына салады. Ол ыдыс жуып жатқанда, бірге тұратын қыз хабарласады.
Әңгімеге айналып тұрғанда, мақта мен қазанда есірткі ізі қалғанын байқамай қалады. Бойжеткен келгенде соңынан іле-шала полицейлер де кіріп келеді.
Сот күдіктіні үш жарым жылға соттады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
http://stan.kz/