ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 14 наурыз − 30 мамыр аралығында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында «ОІІД бастығының сыйлығына» Қызылорда облысы көлемінде теледидар, радио және баспасөз тілшілері арасында жыл сайын өткізілетін есірткіге қарсы үздік репортаж және мақала сайысы жарияланды.
Сайыстың мақсаты: есірткіге қарсы қоғамдық насихатты және бұқара қауым арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру.
Қойылатын талаптар:
Тележурналистер үшін:
1) ағымдағы жылдың 14 наурыз − 30 мамыр аралығында есірткіге қарсы бағытында 5 (кем емес) репортаж, бағдарлама, кездесу т.б. дайындап, телеарнада көрсету;
2) 25.05.2018ж. – 30.05.2018ж. аралығында:
- телеарнада көрсетілген 5 (бес) репортаждың (бағдарлама, кездесу, т.б.) DVD-RW/R дискідегі көшірмесін, жазбаша түрде дайындалған мәліметтерін, көрсеткен телеарна, жариялаған радиоарна атауы, күні, уақыты көрсетілген 5 (бес) анықтама, дайындаған журналист жайлы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, телефон (үй, жұмыс, ұялы) бойынша құжаттарды сайыс комиссиясына тапсыру керек.
Баспасөз журналистері үшін:
1) ағымдағы жылдың 14 наурыз − 30 мамыр аралығында есірткіге қарсы бағытта 5 (кем емес) мақала дайындап, басылымда (газет, журнал) жариялау;
2) 25.05.2018 ж. – 30.05.2018 ж. аралығында:
- мақала жарияланған 5 (бес) басылымды, дайындаған журналист жайлы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, телефон (үй, жұмыс, ұялы) бойынша құжаттарды сайыс комиссиясына тапсыру керек;
Сайысқа тапсырылатын құжаттар ағымдағы жылдың 25 – 30 мамыр аралығында Қызылорда ОІІД Есірті бизнесіне қарсы күрес басқармасында қолма-қол негізде (Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 18 ғимарат, №415 қызмет бөлмесі, телефон: 29-56-20) қабылданады. Құжаттар электронды түрде қабылданбайды.
Сайыс жеңімпаздары болып танылғандарға бағалы сыйлықтар табыс етіледі.
Ескерту: - сайысқа тапсырылатын құжаттар 30.05.2018 жылдан кейін қабылданбайды;
- сайысқа қатысушылардың жасына шектеу жоқ;
- сайыскермен тапсырылатын материалдар саны 5 (бесеуден) кем болмауы керек;
- бір ұжымнан қатысатын сайыскерлер санына қойылатын шектеулер жоқ.
- атап көрсеткен құжаттар толығымен тапсырылмаған жағдайда сайыскер сайысқа қатыстырылмайды
- аудан тілшілері өздерінің материалдарын 2018 жылғы 30 мамырға дейін келіп түсуін есептей отырып, пошта арқылы жолдай алады (Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 18 ғимарат, №415 қызмет бөлмесі, ОІІД ЕБҚКБ).
Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы
Пікір 2