ЖАСАНЫП, ЖАЙНАЙ БЕРШІ СЫРДАРИЯМ
Туған жер сен дегенде жырым асқақ,
Күн артынан күлімдеп күн ұласпақ.
Тәуелсіздік тұғырын биіктету,
Алдымызға қойылған ұлы мақсат!
Думанына елімнің қосылам әр.
Жерге тамған күннің әр сәулесінде,
Таусылмайтын ырзықты несібе бар.
Кең аламыз еңбекте тынысты біз.
Бабалардай жанымызды бермесек те,
Барымызды беруге тиістіміз!
Гүлденіп сала берер бағым оңай.
«Әр қазақты менің бір жалғызым» деп,
Бекерге жырламаған Сабыр Адай!
Жалт ойнайды жастардың көзінде бек.
Қорқыттан бастау алған қоңыр күйдің,
Құдіретін әрине сезу керек!
Айтары айшықталар ғазалымның.
Көк тудағы қырандай қалықтаған,
Арын арлап жүрейік қазағымның.
Тегіңді танымасаң арыңа сын.
Тарихтың қатпарларын түртіп қалсаң,
Сан асыл дүниеге жолығасың!
Кереметтей ертеңім елестетем.
Өткенімді өлеңмен өрнектесем - ,
Рухани сабақтастық емес пе екен?!
Ұрпағын тәрбиелеп жүр аналар.
Шапағатқа халқымды бөлеп кеткен,
Діннің жаққан шырағын ғұламалар!
Жайлап жүр жалын жастар жырдың төрін.
Бәйгеде шашасына шаң жұқтырмай,
Топтан озып келуде дүлділдерім!
Атады арайланып таңдарым кіл.
Тұғырлы тұлғаларын ұлықтаған,
Өзіндік дәстүрге бай ауданым бұл!
Ырыс пен берекеге тұнған ұям.
Жасампаз тірліктердің жаршысы боп,
Жасанып, жайнай берші Сырдариям!
Бағдат Есназар,
№137 орта мектебінің
директоры
№137 орта мектебінің
директоры