Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК


Мен осындай еңселі Тереңөзек кентінде туып-өсіп, тәлім-тәрбие алғанымды мақтан тұтамын. Осындай бейбітшілік заманда бақытты өмір сүруіміз, ол әрине Қазақстанның тәуелсіздік алуы, экономикалық, саяси және әскери қарулы күштеріміздің дамуы, басқа елдермен тату-тәтті өмір сүруі, әрине ол біздің ата-бабалармыздың, батырламыздың, ақындармыздың, Елбасымыздың арқасында деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей жақында Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауы болды. Жолдау­­да 2019 жыл «Жастар жылы» деп бектілді. Сол жастардың бірі мен едім. 2012 жыл №36 Ә.Тәжібаев мектебін бітіріп, Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы университетіне, Жергілікті мемлекеттік басқару мамандығына оқуға түсіп, 4 жылдың ішінде көптеген жетістікке жеттім. Соның бірі – 2015 жылы болған Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы науқаны. Мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі болып, жастардың алғашқы болып мінбеде сөз сөйлеу құрметіне ие болдым. Сол еңбегім үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаттымен марапаталған болатынмын. Көкшетау қаласындағы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының республикалық жобалардың төрағасы, А Мырзахметов атындағы универститетінің «Жас Отан» жас­тар қанатынның басқарушысы бола жүріп, өзіме осындай тәлім-тәрбие берген ата-анам, Отаным, ұстаздардың үмітін ақтауға ұмтылдым. Жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алып, Отан алдындағы борышымды өтеуді міндет деп санадым. Сөйтіп, Жаңаөзен қаласындағы №5548 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышымды өтеп келдім. Әскерден бұрынғыдай емес есейіп қайттым. Оң-солымды таныдым, нақты шешім қабылдауды үйрендім. Астана, Көкшетау қалаларына шақыртулар алдым (қызметке). Дегенмен, күні-түні туған жерге қызмет етсем деген ой мазалайтын. Өзім «Серпін» бағдарламасының игілігін көрдім. Ендеше, неге туған жерге қызмет етпеске?! Біз, жастар үлкен қалаларға, шет ел асып кетсек, өзімізді оқытқан, көзімізді ашқан, өсірген туған жерді кім түлетпек?! Осы ой жетегінде жүріп «ауданда қаламын» деп шешім қабылдадым. Қазір қызметке тұрдым, жұмыс істеп жатырмын. Менің бұл қадамым, бәлкім, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жерге тағзым» кіші бағдарламасында айтылғандай кіндік қаным тамған сүйікті ауылыма деген сүйіспеншілігім, яки туған жерге тағзым болар?! Сіз қалай ойлайсыз?

Абай МЕЙРАМБЕКҰЛЫ

07 қараша 2018 ж. 1 085 0