Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » НӘУБЕТ ЖЫЛ

НӘУБЕТ ЖЫЛ


Нәубет жылдан жинадым тамшы дерек
Шежіреден шын дерек елге керек.
Қазағын егемен ел етсем деген,
Дүниеден өтті талай асыл, зерек.

«Көменес» боп, дайындап тағы орын,
«Пысықайлар» ар сатты, былғап қолын.
Билікті пайдаланған екі жүзді,
Қайнатты жазықсыздың талай сорын.

Қалайша бұл жағдайға тебіренбейін,
Қателік бетін ашып жөндесейін.
Ел атынан әруақтармен тілдесіп,
Жарамның бетін ашып, емдесейін.

Сталин сеніміне кіріп алған,
Қазақ салтын, әдетін бұзып арман.
Ел бұзып, білімдісін қудалатып,
Саясат «Кіші қазан» бүлік салған.

Голощекин «үш әрпі» билік алды.
Қысым қып, бірді-бірге айдап салды.
Алаштың озық ойлы зиялысын
«Пәпкілі, шәпкілер» қырға алды.

Орташаны «Кулак» деп малын алды,
Малы жоқ кедейлердің жанын алды.
Қолшоқпар белсенділер елін сатып,
Жеке бас қамы үшін барын салды.

Пәк, таза, зиялыны қырды аямай,
Ел жүрді аяулысын қорғай алмай.
Сәкен, Мағжан, Ахмет, Ілиястар
Кеткен жоқ па, жырын толық жырлай алмай.

Ел үшін туған талай асыл кепті,
Іргелі ел құрам деп басы кетті.
Шежіре ел сіздерді ұмытпайды,
Зиялы қауымдарым асыл текті.

Тоқсан жеті татулық жылы болып,
Нәубет жылы мәңгілік есте қалды.
Құдайдың құдіретімен шындық жеңіп,
Ардақтарын ұрпақтар еске алды...
Әлібек СЕБЕПҰЛЫ
31 мамыр 2018 ж. 998 0