Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАШЫҢЫЗДЫҢ ƏДЕМІ БОЛУЫ ҮШІН ПИЯЗ ҚАЙНАТПАСЫ

ШАШЫҢЫЗДЫҢ ƏДЕМІ БОЛУЫ ҮШІН ПИЯЗ ҚАЙНАТПАСЫ


Пияз шелухасымен əдетте біз не істейміз? Қабығын аршып оны қоқыс шелегіне тастаймыз. Бұл негізінен қалдықтар. Бекер олай жасайсыздар. Келесіде олай жасауға асықпаңыздар. Сіздің шаштарыңыз сізге рахметін айтатын болады. Пияз қалдықтары - бұл шашының əдемі болуына көңіл бөлетіндер үшін өте қажетті нəрсе. Оның екі артықшылығы бар: құрамы мен қанық түсінің пайда болуы, ол үшін пияз "жапырақтарын" суда біраз ұстау керек. Біріншісі шашына табиғи тəсілдермен күтім жасайтындар үшін қажет болады, ал екіншісі - шашын бояғысы келетін, бірак оның саулығына зиянын тигізіп алудан қорқатындар үшін. 
Төменде пияз шелухасынан жасалатын бірнеше тұнбалардың тізімін жазамыз. 

✅ Шаштың түсуіне қарсы қайнатпа. 

Қажет болатын нəрселер: майдаланған пияз шелухасы - 1 қасық, қайың жапырағының майдаланған түрі - 1 қасық, 300 миллилитр су. 
Дайындалуы мен пайдаланылуы: ыңғайлы сыйымдылыққа жапырақтар мен шелуханы салыңыз, су құйыңыз, ол қайнағаннан кейін де 10 минут аралығында қайнатыңыз. Суыған қайнатпаны сүзгіден өткізіңіз. Сосын дайын болған қайнатпамен басыңызға массаж жасаңыз. Процедураны аптасына 2-3 рет жасаңыз. 

✅ Шаштың өсуіне арналған қайнатпа (отвар) 

Қажет болады: пияз шелухасы, коньяк, қызыл бұрыш - бір дана. Дайындалуы мен пайдаланылуы: пияз шелухасының кез келген мөлшерін 25 минут суда кайнату керек. Отварды түнге қарай жылы жерге қойып қойыңыз. Сосын оған сондай молшерде коньяк құйыңыз, оған майдалап туралған бұрыш қосыңыз, 3 сағатқа қойып қойыңыз. Күнделікті басыңызға нəзік түрде массаж жасаңыз. Курстың ұзақтығы - 1 ай. 

✅ Шаштың жалпы саулығына арналған қайнатпа 

Қажет болады: пияз шелухасы, дуб ағашының жапырақтары, таза су. Қайнатпаның дайындалуы жəне қолданылуы: пияз шелухасы мен жапырақтар бір мөлшерде қосылады. Оларды майдалап турап қосыңыз. Су құйып, 1 сағаттай қайнатыңыз. Дайын болған қайнатпаны бірнеше сағатқа қараңғылау жерге қойыңыз. Сосын оны шашыңызға аптасына үш рет қолданыңыз. Бас терісіне жағыңыз немесе жай ғана шомылып шыққан соң басыңызды шайыңыз. Қолданып көріңіз, нəтижесі көңіліңізден шығады!
06 қараша 2018 ж. 1 726 0