Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚОНЕКЕҢНІҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІРІ

ҚОНЕКЕҢНІҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІРІ


Қонекең Тереңөзекке бірінші хатшы болып келген 1963 жылдары жер тегістеу қолға алынды. Арнайы ПМК құрылды. Мелиоративті отрядтардың біреуі біздің бірінші бригадада «Сағатталында» жер тегістеді. Қонекең оларды өз бақылауына алып сапалы, өнімді жұмыс істеуін қадағалап отырды. Су құрылысына каналдарға су тосатын шлюздерді салуға колхоздан адамдар, техникалар жіберіп тезірек өнімді жұмыс істеулеріне ықпал жасады. 1964 жылдан бастап жыл сайын тегістеген жеріне жылма-жыл күріш егіп отырдық. Күріштің өнімі арта бас­тады. Қонекең күрішке келгенде кез-келген атызды аралап, кемшіліктеріміз болса түзеудің жолын айтатын. Бірде күрішті бастырып жатқанда келді. Ол жерде бас мамандар бөлімшенің бастығы Б.Нұрсейітов бар еді. «Қане, айтыңдаршы күріш жүзден берема?», – деді. Біз үндемей төмен қарадық. Қонекең «қане, мына атызды бөлек бастырып көрейік», – деді. Біз комбайнды тасымал көлігін тазалап, бөлек бастырдық. Гектарына 97 центнерден өнім келді. Сол күнге дейін күріш 100 центнер береді ғой деп ойламаппыз. Қонекең соны біздің көзімізге көрсетті. Сол 60 жылдардың аяқ кезінде «Майлыөзек» каналы күрішке су жеткізіп бере алмай, қиындық көрдік. Директор Құндызбаев: – Шықа, Қонекеңе барып, жағдайды өзіңіз айтсаңыз, – деді. Бардым. Жағдайды айтқаннан кейін – бұл мәселені шешіп беремін. Сен біздің обкомсың ғой, – деді. Қасымызда Төлеген Әбілдаев отыр еді. Кейіннен Төкең де: – бұл Ширек Қазантаевтың обкомы ғой, – дейтін болды.
Ол кездерде социалистік жарыс деген болатын. Ауданмен-аудан, совхозбен-совхоз бір-бірін аралап көріп, жақсы жақтары болса үйренетін. Қонекең аудандағы бір жиналыста биыл Шиелі ауданымен жарысатындығымызды айтты. Сондықтан белгіленген күні совхоз директорлары Құндызбаев Шамахан, Атақаев Әділ бөлімше бастықтары Лекеров Зинаддин, Нұрсейітов Болат, бригадирлерден Ширек Сқақов, Социалистік Еңбек Ерлері Қасым Бөдеев, Ибадулла Ақниязов, озат күрішшілер Ұрлыхан Досанова, Бақтияр Жақыпов тағы басқалар он үш адам күріш орағының алдында Шиеліге бардық. Шеткі ауылы Қазақстанның 30-жылдығы ауылының тұсында Ғафур Мұхамбетжанов бастаған аудан басшылары мен диқандар сонымен бірге 30 жылдық колхозының төрағасы Сапақовтар күтіп алды. Түстен кейін барлығымыз шиеліліктеріміз бар жиырманың үстіндегі адам Жахаевтың үйіне бардық. Ыбекең мен Қонекең бір-бірін көптен көрмеген әкелі-балалы сияқты құшақтары зордан жазылды. Түстен кейін Шиелінің колхоздарының бірсыпырасын аралап көрдік. Шынында да үйренетініміз көп екен, өте мықты диқан екен, тіпті күрішке қонған торғайға дейін қориды екен. Әрбір барған ауылымыз қымыз-қымыранын, тамағын алып шығып, ерекше қонақжайлық көрсетті. Әрбір шиелілік Қонекеңді құшақтап, мәз-мейрам болып, ерекше шын бауырмалдықпен естеріне алып, Қонекеңнің бір жылдары ауылдың үйлері мен малдарын топан су басып қалғанда адамдар мен малдарды аман сақтап қалу үшін күн-түндемей аянбай көрсеткен қажырлы істерін батырлық деп бағалады. Кешке қарай қайтадан Сапақовтың колхозына барып қондық. Ертеңіне қайтадан күріш аралау басталды. Түске дейін аралап, Ленин колхозының бастығы Әзімхан Смайыловтың үйіне бардық. Үлкен, кең қараша үйі бар екен. Қараша үйінде түстендік. Үйінен Қаратау көрініп тұрады екен. Екі ауданның басшылары мен диқандары жарысты талқылап, өз пікірлерін, ойларын ортаға салды. Шиеліліктер Қонекең айтқандай диқан, өте бауырмал екен. Көп нәрсе үйренуге болатынына көзіміз жетті. Қонекеңнің іскерлік, азаматтық, адамгершілік сияқты бейнесі ол кісіні білетіндердің есінде мәңгі сақталады. Қонекеңнің әруағы ұрпақтарын қолдап-қорғап, жақсылықтарға жетелей берсін.

Ширек СҚАҚОВ,
республикаға еңбегі сіңген ауылшаруашылық қызметкері, Сырдария ауданының
Құрметті азаматы.
01 қараша 2018 ж. 676 0