Заманауи қаланың мәртебесі
Биыл – Астана қаласына 20 жыл. Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміз өз астанасын өзгертіп, Сарыарқаның төріне жаңа қала тұрғызды. Әрине, мұның барлығы көреген көшбасшы, Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында іске асты. Бұл мерейлі мерейтой туралы Елбасы өзінің Жолдауында айтып кетті. Тарих еншісіне кеткен 2017 жыл елімізді, әсем Астананы дүниежүзіне танытты. Мыңдаған туристер «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін көруге осында келді. Енді, міне, биыл аты асқақтаған бас қаланың 20 жылдығы аталып өтіледі. Астана – «ақылды қала».
Республикамыздың барлық қалалары Астанаға қарап өсу керек. Халық саны миллионнан асқан Астанада күн сайын жаңалықтар болып, әлемнің түпкір – түпкірінен қонақтар келуде. Ортақ мақтанышымызға айналған Елордада заманауи ғимараттар мен тұрғын үй кешендері салынуда. Бұл туралы Елбасы, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити», «Эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек, деген болатын.
Астана қаласындағы әрбір мәдени – көпшілік орын, білім ордалары, сауда орталықтары, демалыс, спорт кешендері т.б үлгі ретінде барлық өңір, аймақтарда салынып, тәжірибелері енгізілсе, еліміздің дамуына оң серпін береді. Бұл айналып келгенде халықтың тұрмыс сапасын арттырады.
Тимур АЙСИН,
еңбек ардагері
еңбек ардагері