Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ АРТАДЫ

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ АРТАДЫ


Елбасы Жолдауын Қазақстан халқы жыл сайын асыға күтеді. Себебі әр Жолдаудың өз ерекшелігі бар. Ел өміріне қатысты салмақты дүниелер айтылады, әлеуметтік салаға қатысты маңызды жаңалықтар жария етіледі.
Мемлекет басшысы халықтың экономикалық белсенді әрі әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау саясатын ешқашан үзген емес. Мұны кешегі Жолдаудан да анық байқадық. Президент Үкіметке келесі жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе арттыруды тапсырды. Демек, мұғалімдердің, дәрігерлердің, құқық қорғау, қорғаныс органдары қызметкерлерінің жалақысы 35%-ке көтеріледі. Одан бөлек, балабақшадағы тәрбиешілер мен өзге де қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі қайта қаралмақ.
Жолдауды, әсіресе, мектептің жүрегі саналатын ұстаздар жылы қабылдады. Өйткені Елбасы тапсырмасына сәйкес 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатын болды. «Мұғалімдерге барлық жұмыс жүктеледі. Бірақ ол үшін ешкім ақша төлеп жатқан жоқ. Оларды бұл жүктемеден арылту керек. Тынымсыз тексерістер де бітпейді. Міне, заң осыларды тоқтату үшін керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қоғамда мұғалім мәртебесі күрделі мәселеге айналған тұста бұл жағымды жаңалық болғаны рас.

Жандос БАЗАРТАЙ, 
облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығының төрағасы.
05 қазан 2018 ж. 1 430 0