Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Міндетті медсақтандыру 2020 жылға қалдырылды: кімдер төлейді?

Міндетті медсақтандыру 2020 жылға қалдырылды: кімдер төлейді?


Елімізде жаңа жылдан бастап медициналық сақтандыру жарналарын аудару ережесі өзгереді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап салық салу мәселелері жөніндегі түзетулер күшіне енді, оған сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылға ауыстырылады. 
 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайынғы жарна жасауды бастаған жұмыс берушілер сақтандыру кейінге қалдырылғанына қарамастан, өз қызметкерлері үшін ақша төлеуді жалғастыра береді. 2017 жылы олар қызметкер жалақысының 1%-ын төлесе, бұл сома 2018 және 2019 жылдары 1,5%, 2020 жылы 2%, 2022 жылдан кейін 3%-ға артады. Сонымен бірге, егер қызметкер жеңілдік берілген санаттардың біріне кіретін болса, аударым жасаудың керегі жоқ. Жеңілдік санатындағы азаматтарға мемлекет төлем жасайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Елена Бахмутованың айтуынша, сонымен бірге жұмыс берушілер үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар көлемі 5%-дан 3,5%-ға төмендейді. Сәйкесінше, жұмыс беруші қызметкер табысының 1,5%-ы көлеміндегі айырманы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.     
 
Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустер, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар 2018 және 2019 жылдары өздеріне жарна төлемейді. Дегенмен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді. 
Жұмыс берушілер секілді олар да өз қызметкерлеріне 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайынғы жарна жасауды бастады.   
Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап келісімшарт мерзімі ішінде ай сайын төлейді. Жарна көлемі 2020 жылы келісімшарт бойынша алынған табыстың 1%-ын, 2021 жылы 2%-ын құрайды. 
Жалдамалы қызметкерлердің табысынан жарнаны жұмыс берушілер ұстап қалып, төлейді.  2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс беруші аударым жасап келді. Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші ай сайын олардың жалақсынан жарна ұстап қалып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады: ол 2020 жылы жалақының 1%-ын, 2021 жылы 2%-ын құрайды. 
Егер азамат жеңілдік санатына жататын болса, оған мемлекет төлейді. Мемлекет 14 санатқа кіретін азаматтарды тегін сақтандырады: олардың арасында балалар, жұмыссыздар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істемейтін тұлғалар, мүгедектер, жұмыс істемейтін оралмандар бар.  
Тұрақты жұмысы жоқ және жеңілдікті санатқа кірмейтін жеке тұлғалар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі үшін ай сайын 1 ең төменгі жалақының 5%-ы көлемінде жарна төлейді.    
02 қаңтар 2018 ж. 1 027 2

Гость JeaOrer от 26 ақпан 2019 20:55
Order Levitra Online Cheap Comprar Viagra Generico Linea cialis canada Cuanto Cuesta La Viagra En La Farmacia Opinion Cialis Prednisone Over Counter

Гость JeaOrer от 15 наурыз 2019 11:34
How Long Does Zithromax Stay In The Body buy levitra Cialis Yeux Effects Of Alcohol On Amoxicillin
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам