Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дзюдодан Гран-при турнирі: Қазақстан спортшылары алтын және екі күміс иеленді

Дзюдодан Гран-при турнирі: Қазақстан спортшылары алтын және екі күміс иеленді

Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирінде ұлттық құрама спортшылары бір алтын және екі күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байрақты бәсекеде Нұрқанат Серікбаев 66 келі салмақ дәрежесінде дзюдошылар арасында жеңімпаз атанды.

Ал Ғалия Тынбаева (48 кг) мен Аман Бақытжан (60 кг) күміс жүлде еншіледі.

Осыдан екі апта бұрын дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.

Ал Бакуде өткен әлем чемпионатында Қазақстан балуаны Шерзод Давлатов (-60 кг) финалға шығып, күміс жүлде еншіледі.

Айта кетейік, дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылдың 7-14 маусым аралығында Астана қаласында өтеді. Аталған дода 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі маңызды жарыс. Әлемнің үздік дзюдошылары Олимпиада жолдамасына қол жеткізу үшін қажетті рейтингтік ұпайлар үшін сынға түседі.

Сурет: Qazsporttv
16 қараша 2026 ж. 17 0