Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫМЕН ТИІМДІ ЖҰМЫС

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫМЕН ТИІМДІ ЖҰМЫС


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша депаратаментінің бастамасымен мемлекеттік қызметтерді E-gov электронды үкіметтің веб-порталы арқылы алуды насихаттау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шаралар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Сырдария ауданының бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп мемлекеттік көрсетілген қызметтерді электронды түрде алу үлесін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Сырдария ауданы бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілуде.
Аталған жоспарға сәйкес, бүгін С.Сейфуллин ауылдық округінің №137 және Қалжан ахун ауылдық округінің №126 орта мектептерінде ашық сабақтар өткізілді.
Ашық сабақтарға жалпы 50 адам қатыстырылып, қатысушыларға E-gov электронды үкіметтің веб-порталымен жұмыс жасау тиімділігі мен мүмкіндіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар, E-gov электронды үкіметтің веб-порталымен жұмыс жасау қағидалары туралы әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 626 0