ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ
Елбасының тапсырмасына орай қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2018-2022 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту, интеграциялау және мемлекеттік қызметтердің мониторингі және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты барлық мектептерде аудан тұрғындарына оқыту жұмыстары жүргізілді.
Жалпы оқыту жұмыстарында 1437 тұрғынға тиісті кеңестер беріліп, цифрландырудың тиімділігі түсіндірілді.
Оқыту іс-шаралары барысында аудан тұрғындарына базалық бағдарламармен, электронды үкімет порталымен және ашық үкімет порталымен жұмыс жасау қағидалары түсіндіріліп, практикалық және теориялық кеңестер берілді.
Оқыту курстары ағымдағы жылдың 28 мамыры мен 8 маусым күндері аралығында ұйымдастырылды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.