Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар iPhone смартфондарының жұмысын қалай жылдамдатуға болатынын айтты

Мамандар iPhone смартфондарының жұмысын қалай жылдамдатуға болатынын айтты


Мамандар iPhone смартфондарының кей үлгілерінің жұмысын қалай жылдамдатуға болатынын анықтап, телефон жұмысын жақсарту үшін қолдануға болатын амалдар тізімін жасады, деп хабарлайды Appleinsider.ru басылымына сілтеп Stan.kz.

Алдымен Apple гаджетінің иелері құрылғыларының «мәжбүрлеп баяулату» бағдарламасына түсіп қалмағанын тексеру керек. Бұл iPhone 6, 6 Plus, 6s, 6s Plus, SE, 7 және 7 Plus құрылғыларына қатысты. Аталған смартфондардан бұрын шыққан үлгілерге iOS-тың соңғы жаңартылулары орнатылмауы мүмкін. Сондықтан бұл кеңестер смартфонның бұрынғы үлгілеріне қолдануға келмейді.
Мамандар ескі үлгідегі iPhone құрылғыларының иелеріне аккумуляторының қаншалықты ұзақ қолданылғанын тескеруге кеңес береді. Сонымен қатар смартфонның жұмысын жылдамдату үшін, мамандар құрылғыдағы файлдардың сақтық көшірмесін сақтап, құрылғыны зауыт баптауларына түсіруді ұсынады. Мұнан кейін сақтық көшірмесін қайта орнатуға болады.
Сондай-ақ мамандар смартфонның бетіндегі «тірі» суретті, параллакс әсері мен виджеттерді өшіріп, қуаттың тұтынылымын төмендетуге кеңес береді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін iPhone қолданушылары Apple компаниясын смарфтондардың жұмысын әдейі баяулатқаны үшін сотқа берген еді. Мұнан кейін компания смартфондардың жұмыс жылдамдығын баяулатпауға уәде берді.
02 қаңтар 2018 ж. 1 209 2

Гость JeaOrer от 24 ақпан 2019 16:43
Cout Levitra 20mg Tadalafil Cialis antabuse without prescription Torontodrugstore Online

Гость JeaOrer от 13 наурыз 2019 18:37
Buy Clomid Tablets Online. Buy Brand Name Wellbutrin Xl generic viagra Canadian Pharmacy Quick Shipping Precio Proscar Propecia Buy Prevacid Odt