Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛ БОЙЫ ҚАУЫН САУДАСЫ

ЖОЛ БОЙЫ ҚАУЫН САУДАСЫ


Алыс ауылдың тыныс-тіршілігімен таныспақ мақсатында іс-сапарға шықтық. Бағытымыз ауданның бір бүйірінде орналасқан Іңкәрдария ауылы. Біз мінген «Нива» көлігі тақтайдай тегіс жолда желмен жарысып жүйткіп келеді. Ғасыр жобасы атанған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  көлік дәлізімен келе жатып, Іңкәрдарияға бұрылған тұста жол шетінде қаз-қатар тұрған көлік шоғырын көрдік. Әр көліктің жанында үюлі қауын. Жүзін күн қаққан жігіттер қауынды көліктен түсіріп, сатуға ыңғайлап жатыр. Ала жаздай «Аңламас» каналының бойында күтіп баптаған өз өнімдерін сатса несі айып. Дегенмен, қауын сатушылар суретке түсуден, сөйлесуден қашқалақтайды. Айдалада, жолда тұрып қауын сатқандарына қысыла ма кім білсін...
– Қазір «есектің артын жусаң да мал таптың» заманы. Өз өнімдеріңізді неге облыс, аудан орталығына апармайсыздар? Ақыры астарыңызда көліктеріңіз бар, – деп тақымдап қоймағасын, бір батылдау жігіт:
– Ол жаққа да апарып жатырмыз, өнім жаман емес, – деп самарқау тіл қатты. Қауыншылармен қауқылдасып кету мүмкін болмағасын, біз сапарымызды әрі қарай жалғастырдық.


 Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ
25 қыркүйек 2018 ж. 1 502 0