Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАНДАЙ КӨЛІК МІНГЕН ЖӨН?

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАНДАЙ КӨЛІК МІНГЕН ЖӨН?


Қазір «темір тұлпарды» ерлермен бірге нәзік жандылар да тең тізгіндеген заман. Жол полициясы мамандарының айтуынша, ер жүргізушілерге қарағанда көлікті арулар жол тәртібін бұзбайтын көрінді. Алайда, бүгінгі әңгіме бұл туралы емес.
Сонымен, қыз-келіншектер қандай көлік мінеді? Тақырыпты тарқатып көрейік: әрине, ә дегенде әйелдер қызыл немесе ақ, ашық түсті көлікті елестетері анық. Ал автоәуесқойлар мен сарапшылар көліктің түсіне емес, қыз-келіншектерге ыңғайлы, басқаруға жеңіл болуын, қауіпсіздік жағын қарастыра келе бес түрлі көлікке басымдық беріпті. Бұл жерде көліктің беріктігі, жанармай тұтыну көрсеткіштері де назардан тыс қалмапты. Енді, сарапшыларға кезек берейік...
•Әйелдер үшін ең ыңғайлы көлік деп бірінші «Nissan Micra» көлігі аталады. Кішкентай өлшемді болғанына қарамастан «Nissan» төрт жолаушыны еркін сыйдыра алады, іші кең әрі жайлы. «Nissan Micra» заманауи техниканың барлық түрімен жабдықталған, сондай-ақ жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «ABS», «EBD» мен «Brake Assist» сынды жүйелерімен қапталған. Сонымен бірге борттық компьютермен, климатты басқару жүйесімен, рөлде орналасқан аудио баптауларды реттейтін пернелер мен кілтсіз басқару жүйесімен жабдықталған.
•Әйелдерге жайлылық әкелетін көлік тізімінің екінші орнында «Suzuki New Swift» тұр. Ол мінсіз барқарылуымен ерекшеленеді, және де сыртқы келбетінің сүйкімділігімен қыз-келіншектерге өте жарасады. Еуропада жасалатын көліктің жинастырылуы мен жабдықталудың сапасы жақсы.
•Қыз-келіншектерге «Toyota Yaris» көлігі аса ыңғайлы болмақ. Сырттай ықшам ғана көрінгенімен оның іші кең, салоны өте жайлы. Оның отырғыштары да жайлы, аяқтарға өте ыңғайлы жасалған. Бұл үлгі өз класындағы қауіпсіз көліктердің қатарынан саналады, ол 9 қауіпсіз жастығымен жабдықталған.
•Нәзік жандарға көбіне «Hyundai Getz»көлігі ұнайды. Ол негізінен қала көшелеріне арналған, соған лайықталған көлік. Бұл көлік жанармайды өте аз жейді, кенеттен бұрылу, кілт тоқтау жөнінен де мақтауға ие.
•Бүгінде ойлы-қырлы жерлерге, дала мен қалаға қатар жарайтын көлік ретінде ауызға алдымен «Opel» ілігеді. Қыз-келіншектерге соның ішінде «Opel Corsa» лайық деп санайды сарапшылар. Олар техникалық мүмкіндіктері жақсы, майда-шүйденің бәрі ескерілген деседі. Техникалық құрылғылардың ішінде галогенді шамдар, спутникалық навигация, «Bluetooth» бен «MP3» ойнатқышы бар. Бұрылыс кезіндегі жолда тайғанап кетуден сақтайтын «ABS», «ESP», рөл гидрокүшейткіші мен шұғыл жағдайларда көмекке келетін тежегіш жүйесі бар болғандықтан әйелдер онда өзін қауіпсіз сезінетін болады.
•«Кызылорда-ньюс»                                                                                                                                                       


16 сәуір 2018 ж. 1 286 0