Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛТ ТАРИХЫ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

ҰЛТ ТАРИХЫ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді орнындау мақсатында республика бойынша көптеген іс-шаралар өткізілуде. Бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру жөнінде ақпараттықнасихаттық топтар құрылып, жұмыс жасауда. Бұл жұмыстардың барлығы егемен еліміздің рухани тұрғыда дамуына жол ашатыны сөзсіз.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатқан жұмыстарды халыққа сапалы түрде жеткізуде бұқаралық ақпарат құ­ ралдарының алар орны ерекше. Заман тынысы кеңейіп, цифрландыру, латын қарпіне көшу секілді өзекті бастамаларға газеттер мен интернет ресурстардың қосар үлесі зор.
Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Түркия Республикасының Гази университетінің, Түркі тарихы қауымдастығының және «Ақжол» демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «Ғасырлар тоғы­ сындағы Алаш идеялары» атты «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Конферен- ция аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының кіші конфе- ренция залында ҚР ҰҒА академигі, көрнекті алаштанушы ғалым Мәмбет Құлжабайұлының «Алаш қозғалысы» атты монографиясының екінші кітабының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Тұсаукесер рәсіміне ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков, Түркия Респу- бликасы Түрік тарих құрылымының президенті, профессор Ратиф Туран, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан құрылған «Отырар» кітапханасы ғылыми орталығы директорының орынбасары Данагүл Махат, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Қазыбек Иса және бүгінгі зиялы қауым арасында кеңінен танымал ғалымдар мен студенттер қатысты. Кітаптың тұсаукесер рәсімінде сөз алған тарих ғылымының докторы, ӘлФараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Берекет Кәрібаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының маңыздылығын кеңінен сөз етті. Өз кезегінде ҚР ҰҒА құрметті академигі, Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеудің республикалық ғылымизерттеу орталығының директо- ры, т.ғ.д., профессор Т.Омарбеков ұлт тарихы – ұрпаққа үлгі екенін айтып, ел тарихын насихаттау мақсатында жинақталған еңбектің қазақ қоғамындағы алар орны ерекше екенін жеткізді.
Тәуелсіздіктің жаршысы болған Алаш қайраткерлері армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 26 жыл толды. Ел егемендігін баянды ету білімді ұрпақтардың, білікті мамандардың қолында.
Г.ҚОЗҒАМБАЕВА,
Р.ӘБІЛДОС
30 желтоқсан 2017 ж. 1 701 0