Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шежірелі жылдар белесінде

Шежірелі жылдар белесінде


Құрметті Ғанибек Қонысбекұлы!

Сізді және Сіз арқылы аудан тұрғындарын Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толу мерейтойымен Қазалы халқының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму жолында Сырдария ауданы халқының сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Шежірелі жылдар белесінде аудан барлық сала бойынша жетістіктерге қол жеткізді.
Өңірдің бүгінгідей жарасым тапқан сән-салтанаты, өсіп-өркендеуі – елдің ауызбіршілігі мен адал еңбегінің жемісі деп білеміз. Аудан еңбеккерлері осынау жылдар ішінде ынтымақ пен бірліктің арқасында түрлі қиындықтарды еңсеріп, елеулі жетістіктерге жете білді десек, еш қателеспейміз.
Сізді және сырдариялықтарды Сыр елінің тарихындағы айтулы мерекемен тағы да құттықтай отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін өсіру, қоғамдық-саяси тұрақтылығын қалыптастыру. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
Құрметпен, Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Қазалы ауданының әкімі
14 тамыз 2018 ж. 1 042 0