ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚ АЙТУЛЫ МЕРЕЙТОЙҒА ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫ КЕЛДІ
Серпінді Сырдария ауданының 90 жылдығына орай Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген транспорт қызметкері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы», теміржол саласының ардагері Әби Сарқыншақовтан аудан әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлының атына Құттықтау жеделхаты келді. Жерлестер мақтанышына айналған тұлғаның жүрекжарды лебізін аудан әкімінің баспасөз қызметі арқылы кеңінен ақпараттандыруды жөн санадық. Алдағы уақытта да айтулы мерейтойға орай шалғайда жүрген сырдариялық азаматтардан келген Құттықтаулар кеңінен ақпараттандырылатын болады.
«Құрметті Ғанибек Қонысбекұлы!
Сізді және Сіз арқылы бүкіл Сырдария ауданының халқын ауданның 90 жылдық торқалы тойымен шын жүректен құттықтаймын!
Менің қасиетті алтын бесік туған жерім, жүрегімнің бір түкпірінде әр уақытта сақтаулы және жаныма өте жақын Сыр өңірінің халқына ыстық сәлемімді жолдай отырып, барша жерлестеріме, аға-іні, бауыр, замандастарыма игілік, молшылық, бақытты ғұмыр, бейбіт өмір тілеймін.
Ақ күріштің атасы атанған Сыр елінің тыныс-тіршілігі, еңбекқор диқандарының әр жыл сайын дәстүрге айналған жетістіктері маған жақсы таныс. Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газеті мен Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті арқылы өткен жылы сырдариялықтардың қамбаға 1 миллионнан астам астық құйғанын оқып, жерлестерімнің еңбектегі жетістігіне риза болып, кеудемді мақтаныш кернегенін жасыра алмаймын.
Бұл Сіздің іскерлікпен, біліммен басқарып отырған аудан халқының жұдырықтай жұмылған бірлігі мен ерен еңбегінің жемісі екені анық. Қандай мақтау мен марапатқа болса да лайықтың жерлестерімнің еңбегіне шексіз алғысымды білдіре отырып, басымды иемін.
Сыр елі – менің туып-өскен, ат жалын тартып мініп, азамат болып қалыптасқан ата жұртым. Сондықтан мен өзімнің «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» екенімді мақтан тұтамын. Сонымен қатар, осы сенімге лайықты болып, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, қолымнан келгенше рухани қолдау көрсетіп, көмек беруге дайын екенімді жеткіземін.
«Елу жылда – ел жаңа» дейді дана халқымыз. Бүгінде мен туған жер адам танымастай өзгерген, өскен. Жаңарып, жасарып, дамып жатқан ел мен жұртты көріп қуанамын. Аудан халқының алдағы жылдары бүгінгіден де биік белестерді бағындырып, табысқа кенеле беретініне кәміл сенемін.
Құрметпен, Әби Сарқыншақов,
«Сырдария ауданының Құрметті азаматы»,
«Қазақ ССр-ның еңбек сіңірген транспорт қызметкері»
Павлодар қаласы.
«Сырдария ауданының Құрметті азаматы»,
«Қазақ ССр-ның еңбек сіңірген транспорт қызметкері»
Павлодар қаласы.