Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Құттықтау жеделхаты

Құттықтау жеделхаты


Ауданның 90 жылдық айтулы мерейтойына орай бүгін «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы-ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Исмаилов Жұмағали Қазыбайұлының атынан Құттықтау жеделхаты келді.

Құрметті аудан тұрғындары!
Биыл тарихы терең, тұғыры биік туған өлкеміз Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойы! Сіздерді аталған мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын!
Сан қилы тағдыры ғасырлар қойнауынан сыр шертетін туған өлкеміз сындарлы сәттер мен талай тарихи кезеңдерді бастан өткеріп, биік белестерді бағындырып, Тәуелсіздік салтанат құрған бүгінгі қоғамда дамудың даңғыл жолына түсті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихымызға тереңнен тануға жол ашылды. Міне, еркіндік сыйлаған осындай бақытты сәтте Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойы да тойлануда. Бұл биылға жылғы игі шаралардың бірі.
Ғылымның түрлі саласында еңбек етіп, жырақта жүргендіктен туған жердің төл перзенті ретінде ауданымыздың әрбір жетістігіне, жағымды жаңалықтарына марқайып, мақтанамыз. Жыл сайын жоғары деңгейден көрініп келе жатқанын қуаныш санаймыз.
Жалпы, біз туып-өскен киелі жерден елімізге белгілі көптеген тұлғалар шыққаны белгілі. Тереңөзектің киелі топырағынан нәр алған дарынды, ардақты азаматтарымыз Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өзіндік үлестерін қосуда.
Олардың арасында халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов, ақын Жадыра Дәрібаева, медицина ғылымдарының докторы, Ақтөбе медициналық институтының бірінші ректоры Алмағамбет Бекішұлы Даиров, медицина ғылымдарының докторы, кафедра меңгерушісі Мырзабеков Төребек Мырзабекұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, хирургия кафедрасының меңгерушісі Дурманов Қалдыбек Дурманұлы және басқа да мақтауға лайықты тұлғалар бар. Осындай азаматтар шыққан қасиетті өңірдің перзенті болу да – бір бақыт!
Сыр суынан нәр алып, арман қуып алыста жүрген әрбіріміз кіндік қанымыз тамған Туған жерге міңгілік қарыздармыз. Сырдария ауданының бүгінгідей жарасым тапқан сән-салтанаты, өсіп-өркендеуі – елдің ауызбіршілігі мен адал еңбегінің жемісі деп білеміз.
Сырдария ауданының ертеңі нұрлы, болашағы жарқын болып, көркейіп, дами берсін! Тұғыры биік Туған жеріміз қарыштай берсін! Мерейлі мерейтой баршаларыңызға құтты болсын, ардақты жерлестер!
Ізгі ниетпен,
Исмаилов Жұмағали Қазыбайұлы,
«Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы-ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор
09 тамыз 2018 ж. 2 312 0