Қылмыссыз өмір – кемел келешек кепілі

Аталған жиынның басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және болдырмау.
Семинарда аудан прокурорының орынбасары Ғ.Дүйсенбаев жүргізіп, Сырдария аудандық ауруханасының нарколог дәрігері Қ.Төребекұлы, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы мен Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы баяндама жасап, жастарға сақтық шараларын түсіндірді.
Жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.
Бұл бағыттағы құқықтық түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.
СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ