Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

№63 газет

22 тамыз 2026 ж.

№62 газет

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Қабылдау» бөлімшесі қайта жаңғыртудан өтуде

«Қабылдау» бөлімшесі қайта жаңғыртудан өтуде

Сырдария аудандық ауруханасында жергілікті халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Соның бірі – аурухананың «Қабылдау» бөлімшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы екені айта кетейік.

Қазіргі таңда бөлімшеде жөндеу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында ғимараттың ішкі бөлмелері толық жаңартылып, қабырғалары мен едендері заманауи талаптарға сай әрленуде. Бұл ретте электр желісі, жарықтандыру жүйесі, су және кәріз құбыры жаңартылып, есік-терезе ауыстырылуда.

Күрделі жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін «Қабылдау» бөлімшесінің материалдық-техникалық базасы жақсарып, науқастар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады. Бұл өз кезегінде тұрғындарды қабылдау үдерісін жеделдетіп, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, денсаулық сақтау нысанын жаңғырту – халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетудің маңызды алғышартының бірі. Сондықтан емдеу мекемесінің инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңарту жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жаңартылған қабылдау бөлімшесі заманауи талапқа сай жабдықталып, аудан тұрғындарына сапалы әрі жайлы медициналық қызмет көрсетуге қызмет ететін болады.

11 шілде 2026 ж. 1 258 0