Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық аурухана компьютерлік-томографиялық аппаратпен қамтамасыз етілді

Аудандық аурухана компьютерлік-томографиялық аппаратпен қамтамасыз етілді

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге аудандық аурухананың медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Бүгінде ауданда медицина саласын дамыту және тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде жақында ғана ауруханаға «PHILIPS» маркалы компьютерлік-томографиялық аппарат жеткізіліп, бүгінде науқастардың диагнозын анықтауда септігін тигізуде.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында облысымызда нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен облысымызда көптеген медициналық нысандар пайдалануға берілуде. Медициналық нысандар заманауи, сапалы қызмет көрсететін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр. Осыған орай, аймақ басшысының ерекше қолдауымен аудандық ауруханаға науқастардың емін жедел анықтауға бағытталған медициналық аппарат жеткізіліп отыр. Бұл аудан тұрғындары үшін тиімділігі зор. Алдағы уақытта да медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүргізе беру керек,– деді Берік Әбдіғаппарұлы.


Қазіргі таңда медициналық аппаратпен қызмет көрсететін мамандарды арнайы оқыту және біліктілігін арттыру курстарынан өткізу жоспарлануда. Аталған аппаратпен бүгіннің өзінде науқастардың диагнозын нақты анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 қаңтар 2026 ж. 57 0