Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Инфрақұрылымның жақсаруы аудан әлеуетін арттырады

Инфрақұрылымның жақсаруы аудан әлеуетін арттырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өмір сүру сапасын арттырудың басты тетігінің бірі ретінде денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше мән беріп келеді. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту, жекелеген емдеу мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау – заман талабы. Осы бағыттағы жұмыстың басым бөлігі Сырдария ауданында да жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Сырдария аудандық ауруханасында жұмыс сапарымен болып, денсаулық сақтау мекемесінде атқарылып жатқан жаңғырту және күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Аудан басшысы алдымен күрделі жөндеуден өткен «Терапия» бөлімшесінің қазіргі жағдайын көріп, атқарылған жұмыстың сапасына назар аударды.

«Терапия» бөлімшесінде жүргізілген күрделі жөндеу жұмысы нәтижесінде, бөлімшенің ішкі келбеті толықтай жаңарып, заманауи талапқа сай қалыпқа келтірілген. Жөндеу кезінде қабырғалар толық сырланып, сапалы бояу жұмысы жүргізілген. Ескі есіктердің орнына жаңа үлгідегі есіктер орнатылып, еденге тозуға төзімді жаңа линолеум төселген. Мұның барлығы емделушілерге жайлы орта қалыптастырып қана қоймай, медицина қызметкерлерінің де тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмысы кәсіпорын тарапынан бөлінген қаржы есебінен жүзеге асырылып, мердігер мекеме барлық міндеттемесін белгіленген мерзімде әрі сапалы орындаған. Құрылыс уақытында қолданылған материалдардың сапасы мен орындалған жұмыстардың талапқа сәйкестігі де назардан тыс қалмаған.
Аудан әкімі ем алушылармен пікірлесіп, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру – әрдайым басты назарда болуы тиіс екенін айтты. Емдеу мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы халыққа көрсетілетін қызметтің деңгейін жаңа сатыға көтеруге болатынын атап өтті.

– Халық денсаулығы – мемлекет дамуының негізгі көрсеткішіне жатады. Сондықтан аудан тұрғындары сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуы үшін емдеу мекемесінде барлық қажетті жағдай жасалуы қажет. Инфрақұрылымды жаңарту, медициналық бөлімшені заман талабына сай жабдықтау және қызмет көрсету сапасын үздіксіз жетілдіру – біздің басты міндетіміз, – деді аудан басшысы.

Бұл ретте, Берік Әбдіғаппарұлы аудандық аурухананың «Қабылдау» бөлімшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысын да көріп, құрылыс барысын бағамдады. Бұл бөлімше – науқастарды алғашқы қабылдайтын маңызды құрылым болғандықтан, мұнда қолайлы жағдай жасау медициналық қызмет сапасына тікелей әсер етеді. Жөндеу аяқталғаннан кейін «Қабылдау» бөлімшесінің мүмкіндігі артып, тұрғындарға қызмет көрсету үдерісі анағұрлым тиімді ұйымдастырылмақ.

Аудандық аурухананы аралау кезінде аудан әкімі «Госпиталды фармация» бөлімшесінің қайта жаңғырту жұмысына мән берді. Аталған бөлімшенің жаңартылуы дәрілік заттарды сақтау, есепке алу және емдеу бөліміне уақытылы жеткізу жұмысын халықаралық талапқа сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде ауруханадағы емдеу процесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға оң ықпал етеді.

Жалпы, аудандық ауруханада жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде аудандық аурухананың бас дәрігері Жанар Жұмабаева алдағы уақытта атқарылатын бірнеше жобаға тоқталды.

Инфрақұрылымның жақсаруы – науқастың жайлылығын арттырып қана қоймай, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің еңбек өнімділігін де көтереді. Заманауи талапқа сай жабдықталған бөлімшелер емдеу сапасын жаңа деңгейге көтеріп, аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтуға қызмет етеді.

Жұмыс сапарының қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына құрылыс және жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын үздіксіз жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Б.ОРДАБЕКОВ
08 тамыз 2026 ж. 72 0