Қант диабеті
Ең басты себептердің бірі - тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады. Қант диабеті ауруы әлем бойынша жүрек-қан тамыр аурулары және онкологиялық аурулардан кейінгі үшінші орынды иемденеді.
Қант диабеті бүгінгі күнде басты медициналық-қоғамдық проблемалардың бірі болып табылады. Әлемнің барлық елдерінде миллиондаған адамдар осы аурумен ауырады. Қарқынды зерттеулерге қарамастан, қант диабеті созылмалы ауру болып қалып отыр және де асқынулар мен ерте мүгедектіктің алдын алу мақсатында тұрақты түрде бақылауды қажет етеді. Қант диабетінің барлық асқынулары қандағы қант мөлшерінің көп болуына байланысты болады. Егер қант диабетімен ауыратын науқастар қандағы қантты қадағалап отырса, диабет аурудан өмір салтына айналады да, осылайша аурудың алдын алуға болады.
Уақытылы эндокринолог дәрігерге көрініңіз. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз!











