Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мобильді топ мүшелері Іңкәрдарияда

Мобильді топ мүшелері Іңкәрдарияда

Сырдария аудандық ауруханасының мамандандырылған дәрігерлері мен медбикелері Іңкәрдария ауылына арнайы іссапармен барды. Ақ халатты абзал жандар тәулік бойы жергілікті емдеу мекемесінде тұрғындармен кездесу өткізді. Ең алдымен, акушерлік гинекологиялық көмек көрсету ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы 2021 жылы шыққан №92 бұйрыққа сәйкес мобильді топ мүшелері тұрғындарға жеке қабылдау жүргізді.

Өз кезегінде акушер-гинеколог Н.Әбішова, онколог М.Халыбева, психиатр С.Бакишева, СӨСҚ маманы Л.Ауминова, ЖВФ жауапты мейіргері Ж.Молдахметова, психолог М.Маханбетжанов, ерлер кабинетінің мейіргері Н.Қошанов өз салалары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Ер азаматтар мен нәзік жандылардың денсаулығын жіті бақылап, туу жасындағы әйелдердің жағдайына бағдарлау жасады.

– Бүгінде ауылдық жерлерде денсаулық жағдайына мән бере бермейтін жандар көп. Сондықтан аудандық аурухана жанынан мобильді топ құрылып, елді мекендерді аралауда. Саламатты өмір салтын ұстану бағытында медициналық кеңестер көпшілікке берілген жақсы, – деді акушер-гинеколог Нейла Темірханқызы.

06 сәуір 2025 ж. 240 0