300 миллионға жуық науқас қандай дертпен ауырады?
Дүниежүзілік бронх демікпесіне қарсы күрес күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен жаһандық астма бастамасы аясында мамырдың бірінші сейсенбісінде өткізіледі.
Басты мақсат - қоғамның назарын демікпемен сырқаттанушылықтың өсу мәселесіне аудару, бронх демікпесімен ауыратын науқастарға көмек көрсету сапасын арттыру және осы ауру туралы хабардар болуы.
Бронх демікпесі - бұл тыныс жолдарының созылмалы қабынуы, жөтел, ентігу (тұншығуға дейін), ысылдау және кеудедегі бітелумен сипатталатын ауру.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде осы аурумен 300 миллионға жуық науқас бар.
«Бронх демікпесін толық емдеу мүмкін болмағанымен, ерте диагноз қою және дұрыс тағайындалған емдеу пациенттерге белгілері едәуір жеңілдетуге және жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Бронх демікпесі ТМККК шеңберінде дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етілетін созылмалы аурулар тізбесіне кіреді. Осы ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастар дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмектерді тегін ала алады: преднизолон, сальбутамол, сальметерол+флутиказона пропионат, беклометазон, будесонид, флутиказон, циклезонид, будесонид фумарата дигидрат, сондай-ақ балаларға монтелукаст препараты берілуі тиіс.