Жемқорлықтың жіктемесі – қоғам дертіне қарсы ортақ күрес
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол мемлекет пен халық арасындағы сенімге нұқсан келтіріп, заң үстемдігі мен әділдік қағидаларын әлсіретеді. Сондықтан жемқорлықтың мәнін түсініп қана қоймай, оның түрлерін ажырата білу де маңызды.Жемқорлық бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде ең жиі кездесетіні – тұрмыстық жемқорлық. Бұл күнделікті өмірде азаматтардың белгілі бір қызметті жылдам алу үшін заңсыз сыйақы беруімен байланысты. Сонымен қатар іскерлік жемқорлық та қоғамға үлкен зиян келтіреді. Мұнда кәсіпкерлер мен лауазымды тұлғалар арасында заңсыз келісімдер жасалып, мемлекет мүддесіне нұқсан келеді.
Ең қауіпті түрлерінің бірі – саяси жемқорлық. Бұл жағдайда жоғары лауазымды тұлғалар билік пен мүмкіндіктерді жеке бас пайдасына пайдаланады. Мұндай әрекеттер елдің дамуына кедергі жасап, халықтың билікке деген сенімін төмендетеді.
Жемқорлық парақорлық, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, қаржы жымқыру, туыстыққа тарту секілді тәсілдер арқылы жүзеге асады. Кейде бұл әрекеттер жеке деңгейде орын алса, кей жағдайда тұтас жүйеге әсер ететін ұйымдасқан сипатқа ие болады. Сондықтан жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі болып саналады.
Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қарқынды жүргізіліп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында ашықтықты қамтамасыз ету, цифрлық жүйелерді енгізу және заң талаптарын күшейту бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда. Бұл – әділ қоғам қалыптастыруға жасалған нақты қадамдар.
Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың міндетіміз. Әр азамат заңды құрметтеп, әділдік қағидаларын ұстанғанда ғана біз болашақ ұрпаққа дамыған, қауіпсіз әрі сенімді қоғам қалдыра аламыз.
Диас ӘЛЖАНОВ,
Сырдария аудандық спорт
клубы директоры








