Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстанда жаңа кассациялық соттар құру бастамасы құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам

Қазақстанда жаңа кассациялық соттар құру бастамасы құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам

Жыл сайын заңдарды жетілдіру, сот жұмысының сапасын арттыру бағытында түрлі реформалар қолға алынуда. Соның бірі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістерге сай 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық мәртебесі бар кассациялық соттар өз жұмысын бастады.

Кассациялық соттарды құру бастамасы құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама сот төрелігін іске асырудың тиімділігі мен сапасын арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және олардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған игі істердің бірі. 

Кассациялық соттар үш бағытта, яғни қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарайды. Кассациялық сотта істердің қарау мерзімі 6 айдан аспайды. Кассациялық сот-бұл бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар қабылдаған күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен дұрыстығын тексеретін Жоғарғы сот сатысы. Ол істі мәні бойынша қайта қарастырмайды, бірақ материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын қолданудың дұрыстығына назар аударады.

Егер Қазақстан Республикасының сот жүйесін дамуына үңілсек, барлық қабылданған шаралар сот ісін жүргізуді оңтайландыруға, процеске қатысушыларға қо­лайлы жағдайлар жасауға, сот істерін шешу тәртібін барынша жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталғанын көреміз.
Жалпы, істерді қараудың апелляциялық тәртібін 2001 жылдан, ал 2009 жылдан бастап, кассациялық іс жүргізуді енгізу жергілікті соттарға (облыс шегінде) облыс деңгейінде түпкілікті шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Бұл да сот төрелігін іске асыру сапасын жақсартуға ықпал етті.

Бұл арқылы соттардың қолжетімділігі заңнамалық тұрғыда кеңейіп, азаматтар үшін өз құқықтарын қорғау мүмкіндігіндегі шектеулерді барынша жоюға мүмкіндік берілді. Соның нәтижесінде соттар қараған азаматтық істер саны екі еседен астамға артты. Демек, халықтың сотқа деген сенімі күшейді.

Қорытындылай келе кассациялық сот төрелігінің ашықтығын, әділдігін және қолжетімділігін қамтамасыз етіп қоймай, елдің құқықтық жүйесінің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді деп санаймын.


Олжас ДҮЙСЕНОВ,
Сырдария аудандық соты
әкімшісінің бас маман аға сот приставы
Сурет: Нұрболат Нұржаубай    
22 қыркүйек 2026 ж. 74 0