Дербес кассациялық соттардың құрылғанына 1 жыл толды
Дербес кассациялық соттарды құру бастамасы құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама сот төрелігін іске асырудың тиімділігі мен сапасын арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және олардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған игі істердің бірі.
Кассациялық соттар сот жүйесінде жаңа деңгей ретінде әрекет етіп, сот актілерін қайта қарауға және заңды қадағалауды күшейтуге жол ашты.
Кассациялық соттардың негізгі міндеті – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын тексеріп, кассациялық тәртіппен қарайды.
Кассациялық соттардың енгізілуі сот шешімдерінің сапасын жақсартуға, заңдардың біркелкі және дұрыс қолданылуына ықпал етеді.
Қортындылай келе кассациялық сот төрелігінің ашықтығын, әділдігін және қолжетімділігін қамтамасыз етіп қоймай, елдің құқықтық жүйесінің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді деп санаймын.
Кузербаев Дархан АРЫСТАНБЕКҰЛЫ,
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
жетекші маманы
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
жетекші маманы
Фото: ашық дереккөзден











