Елімізде үш бірдей тәуелсіз кассациялық соттар өз жұмысын бастады

Бұл сот жүйесін реформалаудың маңызды кезеңі. Жаңашылдық әділдіктің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Кассациялық сот үш бағытта, яғни қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді толық қарайды. Кассациялық сотта істердің қарау мерзімі 6 айдан аспайды.
Кассациялық сот сатысы – бұл бірінші және апелляциялық сатыларда қаралған істер бойынша шығарылған сот актілерінің заң талаптарына сәйкестігін тексеретін және әрі бақылаушы функция қызметін атқаратын саты. Оның негізгі міндеті – сот шешімдеріндегі қателіктерді жою, құқықтық біркелкілікті қамтамасыз ету.
Бұл өзгерістер ең алдымен сот жүйесіндегі ашықтықты және құқық қолданудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Бұл бастама сот төрелігін іске асырудың тиімділігі мен сапасын арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және олардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған игі істердің бірі болып табылады.
Асан Меңдігүл Есенбайқызы,
Сырдария аудандық соты әкімші
басшысының міндетін атқарушы
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ