Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірлескен жиын

Қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірлескен жиын

Аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Байдушевтің төрағалығымен қоғамдастық және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен профилактикалық және түсіндіру бағытында іс-шаралары өтті.

Қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдерінің қатысуымен маңызды жиын өтті. Кездесудің басты мақсаты-қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және бірлескен профилактикалық, түсіндіру жұмыстарын күшейту. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Тек азаматтық қоғаммен және ҮЕҰ-мен тығыз байланыста жұмыс істегенде ғана біз ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ете аламыз», -деп атап өтті Димаш Серікбайұлы. ҮЕҰ өкілдері мен қоғам белсенділері де өз кезегінде маңызды ұсыныстар айтып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
20 қыркүйек 2026 ж. 53 0