Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған семинар-кеңес өтті
Сырдария әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Димаш Байдушев мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді.Cеминар-кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидатын, мәдениетін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің және әрбір азаматтың, әр қызметкердің өзінен бастау алатын маңызды мәселе екенің, ол үшін мемлекеттік қызметкерлер – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақталуын, басшылық құрамы тарапынан берілген заңды тапсырмаларын сапалы орындаумен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, жариялығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, заңнамаларға сәйкес жауаптар берілді.









