Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер арасында семинар-кеңес өтті

Мемлекеттік қызметшілер арасында семинар-кеңес өтті

Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Байдушев Димаш Серікбайұлы аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шарасы жүргізілді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйспайтын қызмет, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құмар ойынмен ойнауға (лудомания) шектеу қойылғаны, шектеуді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиын соңында, Әдеп жөніндегі уәкіл заң талаптарының бұлжытпай сақталуын, адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстануды және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
18 қыркүйек 2026 ж. 62 0