Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыруға бағытталған бірлескен жиын

Қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыруға бағытталған бірлескен жиын

Аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Байдушевтің төрағалығымен қоғамдастық және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен профилактикалық және түсіндіру бағытында іс-шаралары өтті. қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдерінің қатысуымен маңызды жиын өтті. Кездесудің басты мақсаты — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және бірлескен профилактикалық, түсіндіру жұмыстарын күшейту.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес - тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Тек азаматтық қоғаммен және ҮЕҰ-мен тығыз байланыста жұмыс істегенде ғана біз ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ете аламыз», — деп атап өтті Димаш Серікбайұлы.

Жиын барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету және кез келген заң бұзушылық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мәселесі кеңінен талқыланды. Әдеп жөніндегі уәкіл Димаш Байдушев, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп стандарттарын сақтауы, қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермеу және азаматтармен қарым-қатынастағы ашықтық туралы түсіндірме жасады.

ҮЕҰ өкілдері мен қоғам белсенділері де өз кезегінде маңызды ұсыныстар айтып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
24 маусым 2026 ж. 54 0