Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Заң талаптары түсіндірілді

Заң талаптары түсіндірілді

Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Н. Ешниязов аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметкелермен кездесті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  шаралары, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйспайтын қызмет, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құмар ойынмен ойнауға (лудомания) шектеу қойылғаны, шектеуді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиын соңында, Әдеп жөніндегі уәкіл заң талаптарының бұлжытпай сақталуын, адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстануды және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
26 наурыз 2026 ж. 49 0