Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптары түсіндірілді

Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптары түсіндірілді

Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Д. Байдушевтың төрағалығымен Сырдария ауданы әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округ әкімідіктері мен дербес бөлімдердің мемлекеттік қызметшілері арасында Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл Димаш Серікбайұлы, семинар-кеңес барысында қолданыстағы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексінің нормаларына қатысты ақпарат беріп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін жан-жақты түсіндірді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы және сыбайлас жемқорлық шектеулеріне тоқталды. Мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында лудоманияның алдын алу мақсатында ойын мекемелеріне барудан бас тарту, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу туралы түсіндірме берілді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, заң талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
24 маусым 2026 ж. 47 0