Мемлекеттік қызметшілерге заң талаптары түсіндірілді
Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Д. Байдушевтың төрағалығымен Сырдария ауданы әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округ әкімідіктері мен дербес бөлімдердің мемлекеттік қызметшілері арасында Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шараларын жүргізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері, мемлекеттік қызметті тоқтату, қаржылық бақылау шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық, Қазақстан Республикасының Заңының және мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» туралы Қағидалары талаптарының қатаң сақталауын ескертті.










