Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданына қарасты дербес бөлімдер мен кент, ауылдық округтеріндегі мемлекеттік қызметкерлерімен Әдеп жөнінде семинар өтті

Сырдария ауданына қарасты дербес бөлімдер мен кент, ауылдық округтеріндегі мемлекеттік қызметкерлерімен Әдеп жөнінде семинар өтті

Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Ешниязовтың төрағалығымен Сырдария ауданы әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округ әкімідіктері мен дербес бөлімдердің қызметкерлеріне семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі нормаларының сақталуы, тәртіптік шара қолдану қағидалары түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау барысында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының және мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы 152 Жарлығымен бекітілген "Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану" туралы Қағидалары талаптарының қатаң сақталауын ескертті.

Бұдан бөлек, "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде жеке істерді толтыру мемлекеттік қызметшінің кадрлық болашағы үшін маңыздылығы және құмар ойынмен ойнауға (лудомания) шектеу қойылғаны, шектеуді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңында қатысушылардың сауалдарына жауаптар беріліп, әдістемелік құралдар таратылды.
12 тамыз 2025 ж. 201 0