Әдеп жөнінде қызметкерлермен семинар өтті
Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Ешниязовтың төрағалығымен Сырдария ауданы әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округ әкімідіктері мен дербес бөлімдердің қызметкерлеріне семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының және мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» туралы Қағидалары талаптарының қатаң сақталауын ескертті.










