Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің оңтүстігінде 47 градусқа дейін күн ысиды

Еліміздің оңтүстігінде 47 градусқа дейін күн ысиды

«Қазгидромет» 17 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерінде аптап ыстық сақталады. Алматы, Қонаев және Таразда күндіз ауа температурасы +40…+42°C-қа дейін көтерілсе, Шымкент, Түркістан және Қызылордада +45…+47°C-қа дейін жетеді.


Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +32…+34°C шамасында сақталады. Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Семей және Талдықорғанда да жауын-шашын күтілмейді. Бұл өңірлерде ауа температурасы +32…+39°C аралығында болады деп күтіледі.

Еліміздің батысы мен солтүстік өңірлерінің бірқатарында ауа райы құбылмалы болады. Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Орал және Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, Ақтөбе облысында екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.


Синоптиктер тұрғындарға ұзақ уақыт далада серуендемеуге және дауылды ескерту жарияланған өңірлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» шілде айында елімізде 44 градусқа дейін күн ыситынын хабарлаған еді.

Фото: istockphoto.com
17 шілде 2026 ж. 52 0