Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үсік пен аптап ыстық: Елімізде ауа райы күрт өзгереді

Үсік пен аптап ыстық: Елімізде ауа райы күрт өзгереді

«Қазгидромет» 15 мамыр, жұма күнгі Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің оңтүстігінде 30°C-тан жоғары ыстық күтілсе, өзге өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласында ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +2...+4°C болып, топырақ бетінде үсік жүреді. Ал күндіз +21...+23°C болады.

Алматыда ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C болуы ықтимал. 

Шымкентте ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +30...+32°C-қа дейін ысиды.

Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +22...+24°C болады деп күтіледі.

Ақтөбе қаласында ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +26...+28°C болады.

Атырау қаласында аспан құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C-қа дейін барады.

Жезқазғанда ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +24...+26°C болады.

Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, топырақ бетінде үсік жүреді, күндіз +18...+20°C болады.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +21...+23°C күтіледі.

Қонаев қаласында ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 18 м/с-қа дейін барады. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +21...+23°C болады.

Қостанайда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C болады.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C болады.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, топырақ бетінде үсік жүреді, күндіз +14...+16°C болады.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +23...+25°C болады.

Семейде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 15-18 м/с-қа дейін сақталады. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +13...+15°C болады.

Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін болады. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +17...+19°C сақталады.

Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +25...+27°C болады.

Түркістанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін болады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C-қа дейін ысиды.

Орал қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C болады.

Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +13...+15°C сақталады.
15 мамыр 2026 ж. 43 0