Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын доп» сыйлығы: Месси рейтингте екінші орынға көтерілді

«Алтын доп» сыйлығы: Месси рейтингте екінші орынға көтерілді

Әлем чемпионатының жартылай финалдары аяқталғаннан кейін аргентиналық футбол жұлдызы Лионель Месси «Алтын доп» сыйлығының басты үміткерлері қатарына қайта қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Goal.com порталының жаңартылған рейтингінде 39 жастағы Месси екінші орынға көтерілді. Осыдан бір апта бұрын ол бесінші орында тұрған болса, әлем чемпионаты басталғанға дейін алғашқы ондыққа да кірмеген еді.

Сарапшылар рейтингтің өзгеруін әлем чемпионатының нәтижелермен байланыстырады. Аргентина құрамасы мундиальдың жартылай финалында Мессидің дәл пастары арқылы гол санын еселеп, Англиядан басым түссе, Испания құрамасы турнир фавориттерінің бірі Франциядан айласын асырып, финалға жетті.


Қазіргі таңда рейтингтің көшін Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн бастап тұр. Ол клубтық деңгейде нәтижелі маусым өткізгенімен, ұлттық құрамасын әлем чемпионатының финалына шығара алмады.
2026 жылғы «Алтын доп» фавориттері:
  1. Харри Кейн («Бавария», Англия)
  2. Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина)
  3. Ламин Ямаль («Барселона», Испания)
  4. Майкл Олисе («Бавария», Франция)
  5. Килиан Мбаппе («Реал», Франция)
  6. Усман Дембеле («ПСЖ», Франция)
  7. Хвича Кварацхелия («ПСЖ», Грузия)
  8. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия)
  9. Луис Диас («Бавария», Колумбия)
  10. Витинья («ПСЖ», Португалия)
Үздік ондықтағы футболшылардың арасында «Алтын доп» жүлдесін бұған дейін тек Лионель Месси мен Усман Дембеле ғана иеленген. Дембеле өткен маусымда УЕФА Чемпиондар лигасы мен бірге Франция чемпионаты мен кубогын жеңіп, требл арқылы трофейге жетті.
Ал Месси қазіргі таңда бұл марапатты ең көп жеңіп алған ойыншы ретінде көш бастап тұр. Ол футболшылардың ең жоғары марапатын 8 мәрте жеңген.


Биылғы марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Салтанатты кеш «Алтын доп» сыйлығының 70 жылдығына орай ұйымдастырылады.
Еске сала кетейік, 19 шілдеден 20-на қараған түні төртжылдықтың басты чемпиондары анықталады. Әлем чемпионатының финалында Испания мен Аргентина кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады. Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Фото: Getty Images

17 шілде 2026 ж. 48 0