Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданында инфрақұрылымдық жобалар жүйелі жүзеге асуда

Сырдария ауданында инфрақұрылымдық жобалар жүйелі жүзеге асуда

Ауданда жыл басынан бері құрылыс, жол және коммуналдық сала бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда 6 айдың қорытындысымен 10,5 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, көрсеткіш 3 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1 млрд. теңгені құрап, 11,9 пайызға артығымен орындалды. 2026 жылға кредит есебінен Тереңөзек кентінен осал топтарға 100 пәтерлі 50 тұрғын үй сатып алуға 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Жылдың соңына дейін бекітілген эскизге, техникалық сипаттамаларға сәйкес тұрғын үйлер сатып алынып, кезектілік бойынша тұрғындарға табысталатын болады. Биыл жол саласына 740,2 млн. теңге қаржы бөлініп, барлығы 4 жоба бойынша ұзындығы 15,1 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Атап айтқанда, Тереңөзек кенті мен Шаған, Нағи Ілиясов елді мекендерінде барлығы 13 көше күрделі жөндеуден өткізілуде және Шаған ауылындағы 8 көшеге қиыршық тас төселуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде, аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99 пайызға, елді мекендердегі ішкі жолдардың үлесі 87 пайызға жетті. Бүгінгі күні 2027 жылға 7 жоба бойынша 2,8 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Биыл облыстық маңызы бар «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолының Тереңөзек кенті тұсындағы көпірді күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 669,5 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Көпір жуық арада пайдалануға беріледі.

Қазіргі таңда аймақ басшысының қолдауымен Тереңөзек кентіндегі заманауи талаптарға сай келетін темір жол вокзалының ғимараты жаңадан салынуда. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
16 шілде 2026 ж. 67 0